Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Бала күнгі арманым орындалды»: Темірлан Анарбеков желіде әсерлі жазба жариялады

"Қайрат" қақпашысы Темірлан Анарбековтың Instagram желісіндегі жазбасы бірнеше сағат ішінде ондаған мың лайк пен пікір жинады, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Бала күнгі арманым орындалды»: Темірлан Анарбеков желіде әсерлі жазба жариялады
фото: әлеуметтік желіден

Темірлан Анарбеков желідегі жазбасында Чемпиондар лигасындағы топтық кезеңінде негізгі құрамда дебют жасағаннан кейінгі эмоциясын бөлісті.

"Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі бірінші ойын, тағы бір балалық арманым орындалды", - деп жазды Анарбеков. Небәрі 14 сағаттың ішінде жазбаға 32 000-нан астам лайк жиналып, 1200-ден астам пікір жазылды. Қазақстандықтар "Қайрат" қақпашысының шеберлігіне тәнті болып, есімі қазақ футболының тарихына енгенін атап өткен.

"Темірланның арқасында біз "Реал Мадридті" тікелей эфирде көрдік. Темірлан – аңыз адам, ол Қазақстан футболының тарихын жасады", "Көз тимесін", "Анарбеков – ең үздік. "Реалға" қарсы ойында алаңға шыққанда, біз бес гол жібермес едік", "Үздік қақпашы", - деп пікір қалдырды қазақстандықтар жазбаға.