Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Түркістан облысында 15 жастағы қыз 71 жастағы туысынан жүкті болып қалған

Түркістан облысында 15 жастағы қызға азғындық жасады деген күдікпен 71 жастағы ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Paryz.kz informburo-ға сілтеме жасап.

Түркістан облысында 15 жастағы қыз 71 жастағы туысынан жүкті болып қалған
Фото: Pixabay

Желіде тараған ақпаратта жасөспірімге қорлық көрсетті деген ер адам қыздың ағайын атасы екені айтылған. Жасөспірімнің зәбір көргенін ата-анасы қыздарының жүктілігінің жетінші айында бір-ақ білген.

Оқиға Түркістан облысының Келес ауданында болған. Туысынан қорлық көрді деген жасөспірім биыл ақпан айында босаныпты. Басынан өткенімен ата-анасына бөлісе алмаған.

Жақындары жағдайды жүктілігінің жеті айында бір-ақ білдік дейді. Күдікті көрші үйде тұратын жетпіс жастан асқан туысы. Немере бағып отырған қария өз кінәсін толық мойындаған.

Қазір бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Сұмдық жайтты естіген ауыл тұрғындары бас көтеріп, күдіктінің отбасы көшсін деп талап етіп отыр.