Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Петропавл тұрғыны синтетикалық есірткі сатқаны үшін 7 жылға сотталды

Петропавл қаласының 32 жастағы тұрғыны есірткі сатқаны үшін сотталды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Петропавл тұрғыны синтетикалық есірткі сатқаны үшін 7 жылға сотталды
Фото: ПД

Ол интернет арқылы "жеңіл табыс" табуға қызығып, синтетикалық есірткі саудасымен айналысатын онлайн-дүкендердің бірінде ораушы ретінде жұмыс істей бастаған. Кейін ірі көлемде жеткізілген есірткіні шағын зип-пакеттерге бөліп, оларды тапсырыс бергендерге жасырын орындар арқылы таратумен айналысқан.

Қылмыстық топ бұл жұмысты "қауіпсіз" деп сендіргенімен, арада көп уақыт өтпей-ақ ер адам құқық қорғау органдарының назарына ілікті. Көп ұзамай күдікті қолға түседі.

"Тінту кезінде оның жалдамалы пәтерінен 200 грамнан астам мефедрон тәркіленді. Сонымен қатар тергеу барысында анықталған жасырын қоймадан жарты келіден астам синтетикалық есірткі заты алынды. Бұл — жыл басынан бері СҚО-да тәркіленген ең ірі есірткі партияларының бірі болды", - дейді полиция.

Сот тергеу нәтижесінде айыпталушыны аса ірі көлемде есірткі заттарын дайындап, сақтап және таратқаны үшін кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды.

Жалпы, биылғы жылдың 9 айында Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері заңсыз айналымнан 771 келі түрлі есірткі затын, соның ішінде 4,5 келі синтетикалық есірткіні тәркілеген.