Экс-мәжілісмен, «Ақжол» партиясы орталық кеңесінің мүшесі Берік Дүйсенбинов Adal Adam YouTube арнасына берген сұхбатында Мәжіліс мінберінен анасын құттықтаған депутат Ардақ Назаров туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz.
«Сіз бәйгеге мінетін атты жүкке салмайсыз ғой, немесе жүк тасып жүрген атты бәйгеге салмайсыз. Сол секілді Арекеңнің орны Мәжіліс емес, басқа жерде деп ойлаймын. “Шымшық сойса да қасапшы сойсын” деген, Парламентте заңмен жұмыс істей алатын адамдар болу керек.
Меніңше, бұл Мәжіліске үлкен сабақ болған сияқты. Әрине азамат ретінде жаман емес. “Әр қазақ - менің жалғызым” деп қараймын. Әлеуметтік желілерде, басқа жерде Ардақ Назаровқа жаман сөз жазып жатқандар онымен жеке кездессінші, тілін жұтып қояды олар.
Сондықтан Ардақ Мәжілісте заң шығаруға арналмаған кісі. Ол батыр жігіт. Ол жекпе-жектің жігіті. Депутаттық өзінің жұмысы емес, өзінің жұмысымен айналыспағаннан кейін аяғы солай болады», - деді Берік Дүйсенбинов.