Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Әкесін өлімші етіп сабаған»: Түркістандағы оқиға тергеліп жатыр

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Түркістан облысында әкесін ұрып-соққан ер адамға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Әкесін өлімші етіп сабаған»: Түркістандағы оқиға тергеліп жатыр
фото: видеодан скриншот

"Күдікті азамат қамауға алынды. Сонымен қатар келінге қатысты да қылмыстық іс тіркелді. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Балалары туыстарының қарауында", – деді вице-министр.

Оның айтуынша, тергеу барысы бақылауға алынды. Іс тергеліп біткен соң сотқа жіберіледі.