Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Талғардағы көшелердің біріне Шерзат Болаттың атын беру ұсынылды

Адвокат Мейірман Шекеев Талғар көшелерінің біріне қаза болған 16 жастағы жасөспірімнің атын беруді ұсынды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Талғардағы көшелердің біріне Шерзат Болаттың атын беру ұсынылды
фото: әлеуметтік желіден

Адвокат Мейірман Шекеев Instagram желісіндегі парақшасында бұл ұсынысты қала басшысы Арыстанбек Әбілқайырұлына айтқанын және әкім оның ұсынысын қолдайтынын жазды.

"16 жастағы Шерзаттың қаны төгіліп, қайтыс болған жердегі көшелердің атаулары Менделлев және Русставелли деп аталалы. Екеуі де Талғарға, тіпті Қазақстанға еңбек сіңірген қазақ тұлғалары емес. Кеңес өкіметінен қалып қалған.

Сондықтан мен Талғар қаласының әкімі Арыстан бауырыма Менделеев көшесін марқұм Шерзаттың атымен атауын ұсындым. Ол ұсынысыма мүмкіндігінше қолдау білдіретінін жеткізді. Неге ондай ойға келдім ол жайлы кейінірек түсіндіріп жатармын. Ал сіздер қалай қарайсыздар, қолдайсыздар ма?", - деп жазды Шекеев.