Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Есалаң, бұл саған той ма?»: Парламентте анасын құттықтаған Ардақ Назаров тағы сынға қалды

Депутат Ардақ Назаров мәжілістің жалпы отырысында өзінің депутаттық сауалын жолдамай тұрып, анасының туған күні екенін айтып, мінберден құттықтау жолдады, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Есалаң, бұл саған той ма?»: Парламентте анасын құттықтаған Ардақ Назаров тағы сынға қалды
Фото: parlam.kz

Бұл туралы журналист Гүлбану Әниятқызы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Кластасым бүгін депутаттық сауал жолдамас бұрын анасын туған күнімен құттықтапты. Бір күні парламентте той жасап жүрмесін, құрсын», — деп жазды журналист.

Желі қолданушылары халық қалаулысының бұл әрекетіне түрлі пікір білдірді.

«Ананың орны бөлек қой, әрине. Бірақ барлық нәрсенің жөн-жосығы, реті болмаушы ма еді? Тілің жеткенше құттықтай бер, жұмыстан тыс уақытта. Ән арна, жыр арна, зәулім сарай сыйла, той жаса, бірақ Парламентте елдік мәселеге әркім жеке қуанышын қосып, айта берсе, Парламентте не айбын қалады?..», «Ойебуйййй, бұл әртістер шын концерт қоюға көшті. Адамнаң жанды жеріне яғни Анаға ешкім қарсы щықпайды деген түсінікті пайдаланып бұлай жөнсіздікке баруға болмайды ғой. Қошанов ағамыз да кейде сылбырлық танытады…», «Кешегі таяқтан кейін бұл өте жылы көрініс қой. Қай биікке шықса да ата-анасына құрмет көрсетіп, оны ашық айту еш заңдылыққа қарсы емес шығар. Өз ойым», «Денесі өскенімен , Санасы шынымен өспей қалған… Халыққа керекті Заң шығарушы орында отырып, істеп отырғанын қара. Ана қасиетті Анаға ешкім жетпейді бірақ парламент ол халық үшін ең тағдырлы заңдарды қабылдайтын қасиетті орынғой», — деді көпшілік