Талғар ауданындағы ҚызылҚайрат ауылында сүйген қызының ағасын өлтіріп, 2 жасар жиенін ұрлап әкеткен күдіктінің анасы үндеу жасады, деп хабарлайды Paryz.kz bairaqmedia.kz-ке сілтеме жасап.
«Мен Еламан Айганизовтың анасымын. Менің ұлым қолымен істегенді мойнымен көтереді. Ел алдында, Алла алдында өз жазасын өтейді. Беттен алып, төстен шауып жатқан адамдардың ешқайсысы бұл жігіт неге олай істеді деп сұрап отырған жоқ. Менің балам өзімен-өзі мылтықты алып жүгіріп кетпейді. Жазбаған журналисім жоқ.
Мені ешкім тыңдамай отыр. Шу шығарып отырған Аружаннан сұраңыз не үшін менің балам қонына мылтық алып үйіне барғанын.
Аружан үйіме келіп, адал асымды ішіп, ақ орамалымды тағып қонып жүрген қыз. Еламанды мылтық алып бұндай күйге қалай жеткізгендеріңді айт. Шындықты айт, болмаса мен өзім айтамын», - дейді көз жасына ерік берген әйел.