Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Астаналықтарды бизнес-тренер 50 млн теңгеге алдап кетті

Астанада бизнес-тренер тұрғындарды 50 млн теңгеге алдап кетті, деп хабарлайды Paryz.kz.

Астаналықтарды бизнес-тренер 50 млн теңгеге алдап кетті
фото: әлеуметтік желіден

Әйел өзін онлайн-сауда және сатып алу саласындағы бизнес-тренер ретінде таныстырып, болашақ клиенттерді әлеуметтік желі арқылы тартып, онлайн-саудаға үйрету курстарын ұсынған.

"Оқыту аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға тұрмыстық техниканы көтерме саудалауға қаржы салуды ұсынып, салынған қаражаттың 10%-і мөлшерінде табысқа уәде берген. Алайда төлемді алып, уәде еткен шарттарын орындамай, клиенттермен байланысын үзіп, жасырынған", - дейді ведомство.

Сот үкімімен бизнес-тренер 5 жылға бас бостандығынан айырылды.