Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Қоғам бүгін, 09.07.2030 09:55 Обновлять, 07.12.2025 01:00

Шахтинскіде өртеніп жатқан көлік жарылып, тұрғын үйді шарпыды

ТЖМ құтқарушылары өрт кезінде 10 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шахтинскіде өртеніп жатқан көлік жарылып, тұрғын үйді шарпыды
фото: видеодан скриншот

Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, Мичурин көшесінде тұрғын үйдің жанында жеңіл автокөлік өртенді.

Өрт салдарынан газ-ауа қоспасының жарылысы орын алып, жалын бес қабатты үйдің 2 және 3-қабаттарындағы балкондарға тарады.

«Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ құтқарушылары баспалдақ арқылы 10 адамды қауіпсіз жерге эвакуациялады. Өрттің жалпы аумағы 15 ш.м құрады», - деп жазылған ТЖМ хабарламасында. Зардап шеккендер жоқ. Өрт толық сөндірілді.