Продюсер Гүлзира Айдарбекова немересін дүниеге әкелген Жұлдыз Әбдікәрімованы құттықтамағаны үшін сынға қалды, деп хабарлайды Paryz.kz ozgeris.info-ға сілтеме жасап.
Айта кетейік Қайрат Нұртас бесінші рет әке атанып, қызды болған еді. Актриса, блогер Жұлдыз Әбдікәрімова “Жаңа тынысым”, – деп жазып халықтан сүйінші сұрады. Бірақ баланың жынысын анықтау кешінде Қайрат Нұртас болмады.
“Жұмыста жүріп, түнделетіп қайттым. Мен жоқта гендер пати шырақтары жанып қызық болыпты. Байқадым…", – деді өнер иесі.
Желі қолданушылары продюсер Гүлзира Айдарбекованы немересінің дүниеге келуін жеке парақшасына салмағанына ашуланды.
“Әшейінде тамағына дейін салып отыратын еді, немересі дүниеге келгенде үнсіз қалды”, “Немере көре алмай кеткен қаншама адамдар бар”, “Қайрат пен Жұлдызды ажырастырған шешесі”, “Бұл әулет Жұлдызды менсінбейді, сосын ол да бұларды керек етпейді”, “Қайрат екеуі үнсіз отыр , “Ұрпақтарыңды көбейтіп жатыр”, “Шампунь сатып, қолы тимей жатқан болар”, – деп жазды көпшілік.