Балқаштағы елді дүрліктірген жағдайға қатысты тың дерек шықты. Сегіз жастағы баланы аяусыз ұрып-соғып, қинаған делінген күдіктінің әйелі көпшілікке оқиғаның қалай болғанын баяндап берді, деп хабарлайды Paryz.kz.
«Мен Алмас Басымбековтың әйелі, 8 жастағы Ерболаттың апайымын. Ойларыңызды сан-саққа жіьермеу үшін бәрін басынан бастап айтып берейін. Ерболаттың анасы біз сұрамасақ та оны жаз сайын бізге жібереді. Атасын, яғни менің әкемді сылтауратып, мерекелерде де жіберіп отырады. Әкем вахталық әдіспен 15 күн жұмыс істеп, 15 күн демалады. Қызметке кеткен кезде Ерболатты біздің қарауымызға тапсырып кетеді. Өзіміз екі баланы тәрбиелеп отырған отбасымыз, мен де жұбайым да жұмыс істейміз. Күйеуім өз баласына қарағандай қарайды, тамағы тоқ, көйлегі көк. Ол менің туған бауырымның ұлы. Мен оның екінші анасы секілді адаммын», — дейді күдіктінің әйелі.
Видеодағы әйелдің айтуынша, 8 жастағы Ерболатты анасы нағашы атасының үйіне 5 жыл бойы жіберіп келген. Сол уақыт аралығында оған ешкім тиіспеген.
«Оқиға болған күні мен жұмыста едім. Ал жұбайым 3 балаға: менің жасқа толған ұлым, 4 жасар қызым және Ерболатты қарап, үйде болған. Түскі тамақтарын беріп, кіші ұлымды ұйықтатып, екі баланы шуламасын деп қолдарына планшет беріп, өзі шаруалармен айналысып жүрген. Бір кезде ұл мен қыз отырған бөлменің ашық тұрған есігінен сұмдық көрініске куә болады. Ерболат қарындасын шешіндіріп, бұтын ашып, өзі іш киімін шешіп, үстінде жатқан. Шошып кеткен күйеуім Ерболатты итеріп жіберіп, қызын тексере бастаған. Қан жоқ па деп қараған. Ол ұлды ұрмай тұрып, «не істедің» деп сұраған, бала «бір рет итердім» деп жауап берген. Одан кейін жұбайым не істеп, не қойғанын білмейді», — деді әйел.
Күдіктінің әйелі күйеуі бәрін аффектті шок жағдайында істегенін атап өтті. Ол «Қазақмыс» қызметкерінің әйелі 8 жастағы баланың анасының «денесін күйдірді, тиын жұтқызды, саусақтарын сындырды» деген сөздері жалған екенін мәлімдеді.
«Қазір сараптаманы күтіп отырмыз, күйеуім жауапкершіліктен қашпайды, ол қазір тергеу изоляторында отыр. Баланың саусақтарын сындырды деген өтірік, мүмкін ұрған кезде зақым келген шығар. Отбасымыздың басынан өткеріп отырған жағдайды, жауыма да тілемеймін. Біз қарапайым ғана отбасымыз. Видеоны таратыңыздар», — деді әйел.