Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова оқырмандарына үндеу жасады, деп хабарлайды Paryz.kz.
«Қайраттың парақшасындағы көмекшісінің нөміріне 500 мыңнан тоқтамай ақша түсіп, қайтарып үлгермей жатыр. Алаяқтар ойын ойнатып ақша салдырып, елдер нөмірмен шатасып жатқан сияқты. Өзіміздің нағыз парақшадан көрмей, алданып ақша салмаңыздаршы. Қайрат елден ақша жинатпайды, сақ болыңыздар!» - деп жазды Гүлзира Айдарбекова.
Өнер иесі алаяқтардан сақ болуға шақырды.