Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Мейірман Шекеев: Шерзат Болат ісі бойынша сотталушылардың бірі қамаудан босатылды

Заң кеңесшісі Мейірман Шекеев Шерзат Болат ісі бойынша тың ақпарат бөлісті. Ол Instagram желісіндегі парақшасында іс бойынша апелляциялық сот отырысы 18 тамызға белгіленгенін, сондай-ақ осы іс бойынша сотталғандардың бірі бостандыққа шыққанын мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Мейірман Шекеев: Шерзат Болат ісі бойынша сотталушылардың бірі қамаудан босатылды
Коллаж Ulysmedia.kz

Заң кеңесшісі, Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша жәбірленуші тараптың өкілі Мейірман Шекеев желіде мәлімдеме жасады.

"Шерзат Болат ісі бойынша апелляциялық сот мәжілісі 2025 жылдың 18 тамызы сағат 11:00-ге Алматы облысы сотының ғимаратында қарауға тағайындалды. Сонымен қатар сотталған Д.Ы. бірінші сатыдағы сот үкімімен тағайындалған жазаны өтеп қойғандықтан Алматы облыстық сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Мұсабекованың 2025 жылғы 23 шілдедегі сот қаулысымен бұлтартпау шарасы жойылып, ол қамаудан босатылды", - деді Мейірман Шекеев.