Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Екібастұзда екі кәсіпорын 1 млрд теңгеге жуық салық төлемеген

Павлодар облысының прокуратурасы Екібастұздағы екі ірі кәсіпорынның мемлекетке төленуі тиіс салықтан жалтарғанын анықтады. Жалпы сомасы – 970 миллион теңге, деп хабарлайды Paryz.kz Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.

Екібастұзда екі кәсіпорын 1 млрд теңгеге жуық салық төлемеген
Фото: istockphoto.com

Анықталғандай, Нұржанов атындағы МАЭС-1 жөндеу жұмыстары кезінде пайдаланылған материалдарды "кіріс әкелмейтін" деп көрсетіп, 421 миллион теңге көлемінде салық міндеттемесінен жалтарған.

Ал вагон жасау зауыты өткізілген өнім бойынша қаржы айналымын әдейі төмендетіп көрсеткен.

Бұл әрекет арқылы 550 миллион теңгеге жуық салықтан жалтарған. Қадағалау органының араласуынан кейін 970 миллион теңге бюджетке қайтарылды.