Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Диплом жасайтын таныс бар ма?»: Сотта Перизат Кайраттың хаты жарияланды

Перизат Кайрат құрбысы куәгер ретінде жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.


«Диплом жасайтын таныс бар ма?»: Сотта Перизат Кайраттың хаты жарияланды
фото: әлеуметтік желіден

Айыптау тарабы сотта Перизат Кайраттың телефонынан алынған 2023 жылғы 18 мамырдағы хат алмасуды ұсынды.

Онда айыпталушы Қазақстан дипломын заңсыз жолмен рәсімдеуге қызығушылық білдіргені жазылған.

«Диплом "жасатып" алуға көмектесетін таныстарың бар ма?» – деп оқыды прокурор хабарламаны. 

Куәгер Толғанай Боранқұлова Перизат Кайраттың бұл хатты өзіне жолдағанын растады.

«Ол кезде мен декретте болдым. Перизат министрдің көмекшісі болып жұмысқа орналасқысы келіп, диплом керек екенін айтты. Мен оны сырттай оқуға түсу немесе жай ғана дипломды рәсімдету ниеті деп қабылдадым», – деді куәгер.

Боранқұлова олардың қарым-қатынасы достық әрі сенімді болғанын айтып, Перизат Кайраттың өзіне жұмыс ұсынғанын да жеткізді.