Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Перизат Қайраттың «соққыға жығылдым» деген мәлімдемесі расталмады

9 маусым күні тергеу изоляторында отырған Перизат Қайрат прокуратура органдарына шағым түсіріп, мекеме қызметкері камера есігін жабу кезінде оны есік арасына қысып, дене жарақатын келтіргенін мәлімдеген,деп жазады Paryz.kz

Перизат Қайраттың «соққыға жығылдым» деген мәлімдемесі  расталмады
фото: әлеуметтік желіден

Арыз бойынша жинақталған материалдар Астана қаласы Полиция департаментіне жолданып, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Бейнебақылау жазбасы мен куәгерлер жауабы зерттелді Тергеу барысында мекемедегі бейнебақылау жүйесіне жазылған сәт қаралып, қызметкерлер мен куәгерлерден жауап алынған.

Жинақталған алғашқы материалдар негізінде П.Қайраттың мәлімдемесі расталмады. 

«Камера есігін жабу кезінде мекеме қызметкерлері П.Қайратқа дене жарақатын келтірді» деген дерек дәлелденбеді. Бұл оқиға сәтіндегі бейнебақылау жазбасы көрсетілген жағдайдың шындыққа жанаспайтынын нақтылайды», – делінген ресми ақпаратта.

Қазіргі таңда қосымша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, тиісті сот-медициналық сараптама тағайындалған. Оның қорытындысы тергеу нәтижесіне әсер етуі мүмкін.