Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Астанада Перизат Қайрат ісі бойынша сот процесі басталды

Бүгін Астанада волонтер Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс бойынша сот талқылауы басталды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Астанада Перизат Қайрат ісі бойынша сот процесі басталды
фото: әлеуметтік желіден

Оларға алаяқтық, сондай-ақ қылмыстық жолмен табылған мүлікті заңдастыру (ақша және өзге де активтерді) баптары бойынша айып тағылып отыр.

«Сотта алдын ала тыңдалым өтті. Онда тараптардың өтініштері қаралды. Қазіргі уақытта сот алқасы іс ашық түрде немесе жабық форматта өтетіні жөніндегі шешімді шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетті», - деді сот.

Сот отырысының қорытындысы бойынша қосымша ақпарат кейінірек беріледі.