Желіде Қарағанды–Балқаш тасжолында болған жантүршігерлік жол апатының видеосы тарады. Оқиға 5 шілде күні Ақшатау кенті маңында орын алған, деп хабарлайды Paryz.kz.
Kia Sedona маркалы автокөлік жүргізушісі алда келе жатқан көліктерді басып озуға әрекет жасап, жол қозғалысы белгілерін елемей, жол жөндеу жүріп жатқан аймаққа кіріп кеткен.
Сол сәтте көлік темір қоршауға соғылды да, бірден өртене бастады. Көлікте болған жеті адам – оның ішінде балалар да болған – тірідей жанып кеткен.
Тек жүргізуші мен бір жолаушы ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, апаттың нақты себептері анықталуда.