Қостанай облысында ЖИТС жұқтырған адам 13 жастағы өгей қызын зорлаған. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Paryz.kz Alau.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық соттың баспасөз қызметі істің жабық өткенін айтып, оқиға қыздың анасы үйде жоқта болғанын мәлімдеді. Сонымен қатар оның АИТВ жұқтырғаны анықталды.
«Зардап шеккен қызға вирус жұқпаған», — деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
Сот қылмыс жасаған адамның өмір бойына бас бостандығынан айырылғанын мәлімдеді.