Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Дарынсыз адам»: Баян Алагөзова әнші Меруерт Түсіпбаеваны орнына қойды

Өнер иелері продюсер Баян Мақсатқызы (Алагөзова) мен әнші Меруерт Түсіпбаева арасында дау туынадады, деп хабарлайды Paryz.kz сайты Azattyq Rýhy порталына сілтеп.

«Дарынсыз адам»: Баян Алагөзова әнші Меруерт Түсіпбаеваны орнына қойды
фото: әлеуметтік желіден

Әнші Меруерт Түсіпбаева Баян Алагөзованың тарихи және мәдени мәні зор ұлттық жобаларға жетекшілік етуіне байланысты пікір білдірді.

Оның айтуынша, продюсердің қазақ тілін жетік меңгермеуі, сондай-ақ дәстүр мен мәдениетті терең түсінбеуі – мұндай жобаларды сапалы атқаруға жеткіліксіз.

«Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» сияқты ұлттық классикаларды түсіруге дәстүр мен тілді шынайы түсінетін кәсіби мамандар тартылуы тиіс», – деді Түсіпбаева.

Продюсер Баян Мақсатқызы өзіне бағытталған сынды назардан тыс қалдырған жоқ. Ол Instagram желісінде қысқа әрі нақты жауап берді.

«Адам неғұрлым дарынсыз болса, соғұрлым оның талаптары көп болады», – деп жазды Алагөзова.