Прямая трансляция

Астана

Астана

11.99°C

”Онкология - жабысқан үлкен жын”: Космоэнергетик қатерлі ісік туралы адам сенгісіз мәлімдеме жасады

Космоэнергетик Раушан Аққұл онкология дерті туралы тың ақпарат айтты. Бұл туралы ол Жанар Байсемізге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Paryz.kz сайты Caravan.kz-ке сілтеп.

”Онкология - жабысқан үлкен жын”: Космоэнергетик қатерлі ісік туралы адам сенгісіз мәлімдеме жасады
фото: видеодан скриншот

Оның сөзіне сенсек, онкологияны ғарыштық қуатпен емдеуге болатын көрінеді. ”Онкологияның қай деңгейі болмасын, емделіп кетсе де екі космоэнергетикамен ұстап тұру керек. Онкология — жабысқан үлкен жын. Мен сол ауруларды емдеп, жындармен бетпе-бет келген, алысқан адаммын. Олар бағыт-бағдар беріп, адамды ұстап отырады. Физикалық денені тазалағанмен, ол энергияда тұрып қалады. Сондықтан ол екі жыл бойы космоэнергетиканың сеансын алып отыру керек. Космоэнергетиканы оқып алып, соның каналымен өзі емделіп жүрсе де болады. Екі жылдан кейін тоқтатса, қайтып қайталанбайды. Жын деп қазақша айтылады, орысша сущность дейді. Ал психология, физикалық тұрғыдан бұл — қара энергия. Адамның 11 аурасы болады. Біз негативке түскен кезде энергия жарылады. Жарылған кезде жаман энергиялар жақындап, қона бастайды. Тағы ашуланып, бір күні үлкен стресс алғанда біздің энергиямыз қатты жарылып, үйіліп жаман энергия ішке кіріп алады. Олар майлы энергияға айналады. Сол кезде адамның жаман ойдан шығуы өте қиын болып қалады. Адамның энергиясы жарылған кезде ол сырттағы тылсым әлемді көре бастайды”, — дейді ол.

Раушан Аққұл жындармен бетпе-бет алысқанын да жасырмады.

”Бір апайымның қызы онкология саркома болды. Емдеп жүрген кезде алақанымды шымшып, адамның ағзасында ары-бері қашады. Ол ары қарай басқа нәрселермен емдеймін деп әкетіп қалды. Кейін қыз нашарлады. Соңында маған әкелді, мен оны жақсылап тұрып емдедім. Негізі дене киім сияқты, емдеп, дұрыстаған кезде тістері ақсиып, түрі өзгерді. Мультфильмдерде шайтан деп көрсетеді ғой, дәл сондай түр болды. Содан қыз құлады, туған-туыстары жүгіріп жүр. Үйдегілер шығып кетті. Емді жалғастырайын десем, орнынае атып тұрып, маған сес көрсетеді. Менің жіберіп жатқан бүкіл каналымды көріп, “өртеме деймін саған, жіберме бұл каналды, жақындама маған” дейді. Үйіндегілер кім сөйлеп жатыр деп келсе, шалқасынан жатып, су ағып кетеді. Анасы сезіп, “мынаның ішіндегін құрт, мынау не сұмдық” деді. Бірақ мен қазір құртатын болсам, қызың кетіп қалады дедім. Сонда менің түсінгенім, онкологияда адамда үлкен жын отырып алып, жанын ұстап отырады екен. Жынды шығарып жіберген кезде ол жанды қосып алып кетіп қалады. Жынды шығаратын бір тәсілді қолдандым. 2 сағаттан кейін қыз кетті, қайтыс болды”, — дейді ол.