Прямая трансляция

Астана

Астана

14°C

Баян Алагөзова күйеуі шығаратын «Maкси чайды» мүлдем ішпейтінін айтты

Танымал продюсер Баян Алагөзова журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында жұбайы өндіретін сусындардың ешқайсысын ішпейтінін айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.

Баян Алагөзова күйеуі шығаратын «Maкси чайды» мүлдем ішпейтінін айтты
фото: әлеуметтік желіден

Ол мұның себебін құрамында қанты болғандықтан деп түсіндірді.

"Бір рет дәмін көргенмін. Одан кейін мүлдем ауызыма да алған емеспін. Ол өндіретін бірде-бір сусындарды ішпеймін. Тәттіге құмар емеспін", - деді ол.

Көпшілік Баянның ашықтығын мақтап, “шынайылықтың үлгісі” деп бағалауда.