Прямая трансляция

Астана

Астана

28°C

«Қаржаубайды хуторлықтар ұрып кетті»: Мейірман Шекеев мәлімдеме жасады

Марқұм Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовты сот үкімінен кейін соққыға жығып кеткені туралы желіде ақпарат тарады, деп хабарлайды paryz.kz.

«Қаржаубайды хуторлықтар ұрып кетті»: Мейірман Шекеев мәлімдеме жасады
фото: әлеуметтік желіден

Әлеуметтік желіде Қаржаубай Нұрымовтың ауруханада жатқаны, оны бір хуторлық жігіттер ұрып кеткені туралы ақпарат тарады. Алайда Қаржаубайдың адвокаты барлық ақпараттың жалған екенін айтты.

 “Аллаға шүкір! Қаржаубай дін аман. Оның денсаулығына ешкім зиян келтірмеді. Қаржаубайда барлығы жақсы. Алаңдамаңыздар! Алаңдаушылық білдіріп жатқандарыңызға рақмет!”, - деп жазды Мейірман Шекеев.