Прямая трансляция

Астана

Астана

23°C

Рақымшылыққа 15 мың адам ілігеді - мәжіліс заңды қабылдады

Мәжіліс депутаттары Конститутцияның 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заңды қабылдады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Рақымшылыққа 15 мың адам ілігеді - мәжіліс заңды қабылдады
Sputnik / Алексей Мальгавко

Алдын ала есепке сәйкес, рақымшылықпен барлығы 15 мың адам қамтылады.

Олар: түрмеде отырған 6 мың адам; пробация қызметінің есебінде тұрған 9 мың адам; Бірақ, тек 4,1 мың адам бостандыққа шыға алады.

Соның ішінде түрмеге қамалған 632 адам, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған 3,5 мың адам бар бар. Ал қалған 11 мың адамның жазасы қайта қаралып, мерзімі қысқартылады.

Рақымшылыққа ілігетіндердің арасында 833 әйел бар.

Олардың 109-ы босатылады, ал 724-інің мерзімі қысқартылады. Рақымшылқпен қамтылатын әлеуметтік осал топтар: 

2 кәмелетке толмаған жасөспірім; 

10 жүкті әйел; 331 кәмелетке толмаған балалары бар әйелдер мен бала кезінен мүгедектер:

2 мүгедектігі бар адамдар;

136 зейнеткерлік жастағы әйел.

“Сонымен қатар, өтеуге соңғы 1 жыл қалған, оң мінезделетін 1700-ден астам сотталған азаматтар босап шығады. Ол өзгеріс Заң жобасының 2 және 3-баптарында көзделген”, - дейді депутат Абзал Құспан.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 476-бабының 15-тармағына сәйкес, рақымшылық жасауды қолдану туралы түпкілікті шешімді сот әрбір сотталушыға қатысты жеке қабылдайды.