Әлеуметтік желіде аты-жөні белгісіз ер адамның қалай үйлі болғаны жайында айтқан видеосы тарады. Оған танымал кәсіпкер Тұрсын Алагөзов баспана сыйлаған, деп хабарлады paryz.kz turkystan.kz-ке сілтеме жасап.
Ер адам авто көлік сататын салондардың біріне қызметтік киіммен келген. Тұрсын Алагөзовтың қызметкері екенін түсінген менджерлер оны сұрақтың астына алған.
«14 жылдан бері сол Тұрсынның компаниясында жұмыс істеп келемін. «Халық арена» жақтан үй алып берді. Үйім жоқ. Бірақ салып жатқан едім. Он жылдан астам еңбек еткен қарапайым жұмысшыларға іріктеп берді. Бұған дейін тағы бір компаниясының қызметкерлеріне су жаңа автокөлік сыйлаған еді», – деді егде жастағы ер адам.