Желіде бұрынғы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың сыныптастарымен бірге туған ауылында өткен 40 жылдық кешке қатысқаны туралы видео тарады. Бұл туралы Paryz.kz Qaz365.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Ажар Ғиниятқызы Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданына қарасты Көпжасар ауылында дүниеге келген. 1985 жылы осы ауылдағы Дина Нұрпейісова атындағы орта мектепті тәмамдаған.
Биыл мектеп бітіргендеріне 40 жыл толуына орай, экс-министр туған жеріне арнайы барып, сыныптастарымен бірге кешке қатысқан.
Желі қолданушылары Ажар Ғинияттың қарапайым келбетін ерекше атап өтіп, жылы лебіздерін білдірді. «Керемет, қарапайым ауыл қызы», «Жарайсыз», «Мұндай көріністер жүрекке жылы» деген пікірлер көптеп жазылған.