Прямая трансляция

Астана

Астана

23°C

Қуандық Бишімбаевқа алғыс айтқан әйелдің видеосы желіде қызу талқыға түсті

Әлеуметтік желіде бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа алғыс білдіріп жатқан әйелдің видеосы тарап, көпшіліктің назарын аударды деп хабарлайды Paryz.kz ozgeris.info сайтына сілтеме жасап.

Қуандық Бишімбаевқа алғыс айтқан әйелдің видеосы желіде қызу талқыға түсті
фото: әлеуметтік желіден

Видеодағы әйел – бұрын Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің уақытша директоры қызметін атқарған. Бұл департаментте Қуандық Бишімбаев министр болған кезде ол да қызмет еткен.

«Мен оны ешқашан ақтамаймын. Бірақ бір нәрсені мойындаймын: кейде адам ішіндегі құбыжықты көргенде ғана өз шын бейнесін табады. Себебі тек шетке тірелгенде ғана: «Енді жетер. Бұдан былай бәрі басқаша болады» деп нақты шешімге келесің.»,- деп бейнежазбада өз ойымен бөлісті. 

Аталған бейнежазба қоғамда үлкен пікірталас туғызып, қолданушылар арасында әртүрлі көзқарастар тудырды. Кейбірі бұл сөздерді қолдау немесе алғыс ретінде қабылдаса, енді бірі ирония мен арандатушылық деп бағалады. 

Айта кетейік, 2024 жылдың наурыз айында Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтіргені үшін 24 жылға сотталған болатын. Бұл оқиға ел ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне қатысты қоғамдық резонанс туғызып, үлкен дауға айналды.