Прямая трансляция

Астана

Астана

5.54°C

«Терпиласыңдар»: мектеп директоры мұғалімдерін құлша жұмсаған

Ұстаздар білім беру ісімен айналысудың орнына, ұзақ жылдар бойы қара жұмысқа жегілгендерін айтып, жанайқайын жеткізді. Мектеп директорының пәрменімен олар мектеп ауласын тазалап, спортзал мен кабинеттерді жөндеуден бастап, басшының жеке шаруашылығына көмектесуге дейін мәжбүр болған, деп хабарлайды paryz.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

«Терпиласыңдар»: мектеп директоры мұғалімдерін құлша жұмсаған
фото: видеодан скриншот

“31 арна” ақпаратынша қолдарына тырма ұстаған ұстаздар ұзақ жылдар бойы қара жұмысқа жегілдерін жеткізген. Мектеп директорныың пәрменімен ауладағы шөпті жинап спортзал мен кабинеттерге жөндеу жүргізген. Ең сорақысы басшыларынң қыстағына барып қүдық қазып сарай мен монша салған.

“Мен енді мектептің спортзалын істедім, пластик терезелерін істедім, акт залға ремонт жасадық. Жалғыз мен емес ұлдардың бәрі істеді. Үйінің, қыстағының жұмысын істедік” – дейді Ернар Нұрғазин есімді мектеп мұғалімі. 19 

МҰҒАЛІМНІҢ АРЫЗЫ: ДИРЕКТОР ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ

Ол аздай қит етсе ақша жинап мұғалімдерді мезі қылған. Бұған шыдамаған жалпы саны 19 мұғалім директордың атына арыз түсірген. Нәтижесінде Абай атындағы мектептің директоры қызметінен босатылып информатика пәнінің мұғалімі ғана болып қалған. Қазір ол үстінен шағымданған мұғалімдерге қысым жасап қоқаң-лоққы көрсетіп жүр дейді мұғалімдер. 

“Бізге қысым көрсетіп жатыр. Қағып-соғып, қоқаң-лоққы жасап. “Жазғышбектер” деп” – дейді Нұржан Сағадиев есімді мұғалім. 

Ал білім ошағының бұрынғы басшысы бұның бәрін жоққа шығарып өзіне шаң жуытпайды.

“Кезінде көмек ретінде күйеу балам, інілерім барғаным рас. Маған арыз жазғандардың ішінде күйеу балам да жүр. Терпила деп айтқаным рас болуы мүмкін. Өйткені мені жазғаннан кейін олар терпила. Бірақ боқтаған жоқпын” – дейді мектептің бұрынғы директоры Роллан Тілеуханов.

Ал мұғалімдер ар-намысымызды таптаған адам тиісті жазасын алсын деп отыр.

«Менің ұстазым – менің мақтанышым!»: Желіде бастауыш сынып мұғаліміне арналған әсерлі видео тарады «Менің ұстазым – менің мақтанышым!»: Желіде бастауыш сынып мұғаліміне арналған әсерлі видео тарады «Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды «Ақша жинайтын ата-аналарды әкімшілік жауапқа тарту қажет»: әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныс айтылды Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта Жанабылова привлекли к ответственности после семейного конфликта «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление «Мы находимся в бракоразводном процессе»: жена Жанабылова сделала заявление Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Қарттар күніне орай бірқатар өңірде зейнеткерлерге төлем жасалады Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Квартира, лечение и Умра: человек в маске помог семье незрячего мужчины Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Әлеуметтік желідегі әр сөз бен фото үшін жауапкершілік: Сот Instagram бен WhatsApp-та құқық бұзғандарға айыппұл салды Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр: Ұлттық статистика бюросы жаңа деректерді жариялады TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды TikTok-та қаралы күнге қатысты бейәдеп сөздер айтқан Шымкент тұрғыны қамауға алынды