Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Қоғам бүгін, 09.07.2030 09:55 Обновлять, 16.11.2025 08:56

«Асылған адамның екі қолы байлаулы»: Ринат Зайытов Арман Дүйсеновтың ұлының өліміне қатысты тың дерек айтты

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Qazaq Airan YouTube арнасына берген сұхбатында «Үржар мен Мақаншыда да осындай жағдайлар болды ма?» деген сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Paryz.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.

фото: әлеуметтік желіден

Депутат Үржар мен Мақаншыда жасөспірімдер арасындағы төбелесте бір баланың қаза болғанын, ал Семейде бір жігіттің өлімі толық тергелмей жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ, ол Алматыда композитор Арман Дүйсеновтың ұлының өліміне қатысты да пікір білдіріп, тергеу материалдарында «асылған адамның екі қолы байлаулы» деп жазылғанын айтты.

«Неге бұл оқиғаларды зерттемейсіздер, шу көтермейсіздер? Өйткені, бұдан ешкім саясат жасап жатқан жоқ», – деді Ринат Зайытов.

Ринат Зайытов «Менің өз қалауым болмаса, мені ешкім бір нәрсеге мәжбүрлей алмайды» деп, қоғамда белгілі бір мәселелерді жария етудің астарында әртүрлі мақсаттар болатынын меңзеді.