Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Қоғам бүгін, 09.07.2030 09:55 Обновлять, 08.12.2025 22:14

«Телефондарыңыздағы азанның дауысын қарапайым музыкаға ауыстырыңыздар» - Нұрлан имам

Астанадағы «Ырыскелді қажы» атындағы мешіттің бас имамы Нұрлан Байжігітұлы телефонмен дәретханаға кіретіндерді сынға алды, деп хабарлайды paryz.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

«Телефондарыңыздағы азанның дауысын қарапайым музыкаға ауыстырыңыздар» - Нұрлан имам
фото: видеодан скриншот

«Телефондарыңыздағы азанның дауысын қарапайым музыкаға ауыстыруларыңызды сұраймын. Біз телефонды телефон сияқты қолданбаймыз. Осы отырған бәріміз телефонды алып, бәріміз дәретханаға кіреміз. Ең жақсы жер сол жер ғой өзі. Тып-тыныш отырып, шұқылайсың. Дәретханада оқыған қызық. Оқитын ешнәрсе таппағанның өзінде дәретхана қағазын қолға аласың.

Қала берді иіс шығаратынды оқисың. Қайдан шыққанын, ішінде не барын оқисың. Сөйтіп H2O-ны жаттап аласың. Енді азанның дауысы дәретханада шықса, бұл масқара дүние ғой. Сондықтан азанның дауысын басқа дауысқа ауыстыру керек», - дейді Нұрлан имам Байжігітұлы.