Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Adal ADAM youtube арнасына берген сұхбатында қыздарға және ұлдарға бөлек-бөлек тәрбие беретін жазғы жеке лагерінде не оқытатынын айтты.
«Мен ол жерде дінді айтпаймын. Дін жеке басымның шаруасы. Ата-ананы сыйлау жөнінде, тарихи хикаялар, ғибрат әңгімелер айтамын. Оларға дін айтып, басын қатырмаймын, кішкентай балалар ғой олар», - деді депутат.
Сонымен қатар,ол депутат болған кезеңде де жазғы лагерінің жұмысын тоқтатпағанын жеткізді.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде «Ардақ Назаров жазғы лагерінде дін үйрете ме» деген секілді пікірлер жазған болатын.