Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Елордада 55 жастағы мылқау әйел жыныстық құлдыққа жегілген

55 жастағы мүгедек әйел Қостанайдан Астанаға жасырын әкелініп, жұмысқа және жыныстық құлдыққа жегілген. Бұл туралы LIDER.KZ іздеу-құтқару жасағы елорда бөлімінің жетекшісі Айзада Жүсіпова айтты, деп хабарлайды paryz.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Елордада 55 жастағы мылқау әйел жыныстық құлдыққа жегілген
Фото: freepik

«Екі жыл бұрын мынандай жағдай болды: мүгедектер есебінде тұрған 55 жастағы әйел (мылқау) Шұбар шағын ауданындағы «Забота» пансионатында күні-түні жұмысқа жегілген. Онда мүмкіндігі шектеулі, өздігінен жүріп-тұра алмайтын адамдар да мекен етеді, солардың дәретін тазалатқан. Сондай-ақ бұл әйелдің мүгедек екенін, мүлде сөйлей алмайтынын пайдаланып жыныстық құлдыққа да салған. Біз ол әйелді тауып алып, полицияға тапсырдық. Арада екі ай өткен соң прокуратура хабарласып, ол әйелдің Қостанайдан Астанаға жасырын әкелінгенін, құжаттары қолдан жасалғанын мәлімдеді», - деді Айзада Жүсіпова.

Іздеу-құтқару жасағы жетекшісінің айтуынша, мүгедек жанды құлдыққа салғандар — әйел адам мен оның қызы. Олар сол «Забота» пансионатында жұмыс істеген. Айзада Жүсіпова мұндай жағдайда еріктілер ұйымы тек жоғалған адамды тауып, құқық қорғау органдарына табыстайтынын, ары қарайғы іс олардың құзіретіне жатпайтынын атап өтті.

Сондай-ақ ол Орталық Азия елдері ішінде жақынын іздеп хабарласатындардың көбі Тәжікстан мен Өзбекстаннан екенін айтты.