Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Алматы облысында 18 жастағы жүргізуші 4 адамды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

Алматы облысының Есік қаласында 18 жастағы BMW жүргізушісі төрт жаяу жүргіншіні қағып кетті деген күдікке ілінді. Деректерге сүйенсек, ол оқиға орнынан қашып кеткен. Ал зардап шеккендердің бірі көз жұмды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматы облысында 18 жастағы жүргізуші 4 адамды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен
Фото: Алматы облысының полиция департаменті

Stan.kz мәліметінше, аймақтың полиция департаменті 14 қарашада Есік қаласындағы Алтын Адам аллеясы көшесімен келе жатқан көлік төрт жаяу жүргіншіні қағып, содан кейін оқиға орнынан қашып кеткенін хабарлады.

“Жол апаты салдарынан 16 жасар қыз аудандық ауруханаға жатқызылды. 15 қараша күні таңертең ол алған жарақаттары салдарынан көз жұмды. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады”, – деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде BMW-320I автомашинасын басқарған 18 жастағы жергілікті тұрғын ұталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.