Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

Ауғанстан мен Иран мысалында немесе зайырлықтың маңыздылығы

Ауғанстан жерінде бірнеше жылдан бері саяси тұрақсыздық орын алып келді. Кеңес Одағы өз әскерін шығарғаннан кейін де елде кішілі-үлкенді соғыстар тоқтамады. Ел ішінде жаппай тәртіпсіздік орнап, билікке талас жүрді. Осы мәселелерді ата діндері болып саналатын ислам дінінің шеңберінде шешуге келісіп, арнайы діни Талибан ұйымы құрылды, деп жазады Paryz.kz.

Ауғанстан мен Иран мысалында немесе зайырлықтың маңыздылығы
Фото: pixabay.com

Осылайша елдегі проблемаларды шешу үшін құрылған ұйым әлі сол мақсатты көздеп отыр ма? Радикалды ислам қозғалысының ұйымы болып табылатын тәліптердің содырлары террорлық әрекетпен үсті-үстіне жарылыс жасауда. Бейбіт тұрғындар көз жұмып жатыр. Тәліптер радикалды ұйым болғандықтан жалпы әлемге үлкен қауіп төндіреді. Ауғанстан әлемдегі кедей мемлекеттердің бірі. Онсыз да халықтың жағдайы мәз емес. 

Билік толығымен талибан қолына өткеннен бері елдегі тұрмыс тіршілік мүлдем қиындап кетті. 

Адамдардың құқықтары шектеліп, мекенді кедейлік жайлап, халық аштан қырылып жатыр.Талибан қозғалысы Ауғанстанның демократиялық мемлекет болмайтынын және елде тек шариғат заңы орнайтынын айтқан болатын. Бірақ бүгінде олар шариғат талаптарына сай келе бермейтін әрекеттерге баруда. Радикалды исламдық ұйымдар, басқаша айтқанда, мемлекеттің құлдырауының тікелей нәтижесі. Бірақ радикалды ислам өзін біріктіргеннен кейін міндетті түрде мемлекеттің билігін қалпына келтіруді мақсат етпейді. Оның орнына ол шын мәнінде мемлекет емес, мемлекетке балама бола алатын діннен туындаған институттар мен бірлестіктердің күрделі механизмі маңызды екенін қайталайды.

Тез және зорлық-зомбылықпен әділдік орнатудан, қорқыныш сезімін тудырудан және халықты шектен тыс діни шектеулерді ұстануға мәжбүрлеуден басқа, Талибан тудырған институттар аз жұмыс істеді. Бір қызығы, ислам діні мұсылмандар арасындағы бауырластықты талап еткенімен, талибандардың исламды түсінетін әртүрлі секталарына төзімділік аз болды. Талибан және оның когорталары негізінен қараңғы жақтан шындықты айтушылар болды. Демек, анархия ұғымы тек мұсылман еместерге ғана қатысты емес, бәсекелес тайпалар мен топтарға қарсы еркін түрде қолданылды.

Билікті басып алғаннан кейін көп ұзамай Талибан үкіметі әйелдер істері министрлігін жойды. Енді әйелдерге қоғамдық орындарға баруға және ер адамсыз қала сыртына шығуға тыйым салынды. Үстіміздегі жылдың мамыр айынан бастап әйелдерге хиджаб киіп, көпшілік алдында бетін жабуға бұйрық берілген. Бұлай етпесе, олардың әкесі немесе жақын туыстары ұсталып, түрмеге жабылуы мүмкін. Қазір Ауғанстанда әйелдер құқығы шектелген. Тіпті олардың әңгімесін бөтен еркектерге естуге болмайды. Өзінің туған әкесі мен іні-бауырларынан басқа ер азаматтардың алдында паранджа киюге міндеттелген.

Осылайша тәліптер өз үстемдіктерін асыра пайдаланып елді қанауда. Халықтың жағдайы мүшкіл. Дегенмен тәліпер әлі күнге дейін бейбіт өмірді көздейтіндерін айтуда.

Ал соңғы жылдары Ирандағы наразылыққа өнер, спорт саласының өкілдері, жалпы зиялы қауым үн қоса бастады. Бұл наразылық коронавирустан айтарлықтай зардап шеккен Иранда пандемиядан кейінгі халықтың билікке қарсы ашу-ызасын қамтыған ауқымды қарсылық акциясы болды.

Тегеранда қайтыс болған 22 жастағы Махса Аминидің қазасы Ирандағы жаппай наразылыққа ұласты. Мектептер мен жоғары оқу орындарында әдетте осы күні көңілді атмосфера орнайтын. Алайда өткен жылдан бері жағдай басқаша өрістеді. Кейбір оқу орындарында оқу жылы онлайн тәртіппен басталды.

Махса Жина Аминидің қазасы Иран қоғамында билікке қарсы наразылықты ұлғайта түсті. Махса Амини өзінің туған күніне небәрі төрт күн қалғанда полицияның қатысы бар оқиғада қаза тапты. Кейбір Иран ақпарат құралдарының мәліметіне қарағанда, Махса Амини оқуға енді ғана қабылданған студент.

Махса Амини Иранның солтүстік-батысындағы Күрдістан провинциясының Саққыз қаласында күрд жанұясында туып өскен. 13 қыркүйек күні ол отбасымен бірге ел астанасы Тегеранға келген. Сол күні қала көшесінде оны ахлақ полициясы хиджабы нормаға сәйкес емес деп тауып ұстаған. Полиция ұстаған сәтте оның жанында ағасы да болған. Полиция оған Махсаны бөлімшеге апарып, хиджаб жөніндегі 40 минуттық арнайы курс оқытатынын айтады. Мәліметтерге қарағанда, бөлімшеге барғанша екі сағат ішінде Махса соққыға жығылған. Кейіннен оның мобилді телефонының бетінен қан дағы және бас сүйегі мен денесінен соққы таңбасы байқалған. Ал бұл зайырлы мемлекеттің көрінісі емес екені айдан анық. 

Зайырлылық қағидаты – діни догманы мемлекеттен алшақтату, бірақ дінді қоғам өмірінен ажырату емес. Зайырлылықтың құндылықтар жүйесі адамның ойлау мәнері мен машықтарынан бастап киім үлгілеріне дейінгі мәдени феномендерді қамтиды. Мемлекеттің зайырлылығы діннен бөлектігінен ғана емес, сонымен бірге басқа дүниетанымның басымдығын мойындамауымен сипатталады.

Зайырлылық – сөзінің мәні мемлекеттің діннен, діннің мемлекеттен бейтараптылығы және ар-ождан бостандығы. Зайырлылық сипаты – ізгілік пен қажеттілік. Өркениетті елдер зайырлылық дәстүрін таңдауда. Зайырлылық азаматтарға дін мәселесінде еркіндік береді. Мемлекеттік органдар Конституция негізінде салалық заңдарды басшылыққа алып жұмыс істейді. Заң Қазақстан Республикасының өзін демократиялық, зайырлы мемлекет ретiнде орнықтыратынын, әркiмнiң ар-ождан бостандығы құқығын растайтынын, әркiмнiң дiни нанымына қарамастан тең құқылы болуына кепілдік беретінін, ханафи бағытындағы исламның және православиелік христиандықтың халықтың мәдениетінің дамуы мен рухани өміріндегі тарихи рөлін танитынын, Қазақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетін басқа да діндерді құрметтейтінін, конфессияаралық келісімнің, діни тағаттылықтың және азаматтардың діни нанымдарын құрметтеудің маңыздылығын танитынын негізге алады.