Прямая трансляция

Астана

Астана

16°C

13 жыл кезекте тұрған полицей жарты жыл көлемінде үйлі болады

Ақмола облысының әкімдігі жетімдерге берілетін пәтерге қол жеткізе алмай жүрген полицей Геннадий Вездецкий жарты жыл ішінде баспаналы болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz, Azattyq-ruhy.kz-ке сілтеме жасап.

13 жыл кезекте тұрған полицей жарты жыл көлемінде үйлі болады
Сурет: видеодан скрин

"Azattyq ruhy" редакциясы Ақмола облысының әкімдігінен ресми жауап алды.

«Вездецкий Геннадий Владимирович «жетім балалар» санаты бойынша кезекте 7-ші болып тұр. Кезекте барлығы – 218 адам. Ол жарты жыл ішінде кезекке сәйкес пәтерін алады», - деп сендірді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Геннадий Вездецкий балалар үйінде бірге өскен інісін баспана кезегінен еш себепсіз шығарып тастағанын да айтқан.

«Оның бауыры Астана қаласында тұрады және жұмыс істейді. Ал қолданыстағы заңнама бойынша тұрғын үй кезектегілерге тұрғылықты жері бойынша беріледі», - деп түсіндірді облыстық әкімдіктегілер.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін балалар үйінде өскен Геннадийдің президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрағанЖас жігіт он үш жыл пәтер кезегін күтіп шаршаған.