Прямая трансляция

Астана

Астана

18°C

Бишімбаев қандай жазаға лайық? Депутат жауабы

Белгілі журналист, қоғам қайраткері, ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи «Мүмкін емес/Не может быть!» Youtube арнасының студиясында қонақта болып, Бишімбаев ісіне қатысты пікірін білдірді. 

Бишімбаев қандай жазаға лайық? Депутат жауабы
Фото: Lada.kz

«Қазір қоғамдағы Бишімбаевтың ісіне, сотына деген көз қарастар деңгейінен қарасам, Бишімбаев қазіргі біздің заңда бар ең ауыр жазаға лайық. Лайық болғанда, бәлкім, 25 жыл бермес, 20-17 жыл береді, 18 жыл береді, бірақ солай беруге билік те, сот орындары да мәжбүр болады. Ертең оған 15-14 жыл беретін болса, халық түсінбей қалады оны. Бірақ сотқа деген көзқарас өзгереді, әділетсіздігіне көзі одан әрі жете түседі. Өткендегі Самат Әбішке 8 жыл берген сияқты. Соттың деңгейі табалдырыққа дейін жетті ғой. Одан кейін тіпті, қоғам «біздің сот - сот емес» деп айтады. Сондықтан, ойлаймын, қазір оған максималды түрде срок береді. Бірақ, кейін аздап кесіп тастауы мүмкін, амнистиясы бар, артық кетті деген сияқты. Адамның санасында уақыттың әсерінен ізгілік пайда болады», - деді Ермұрат Бапи.