Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Қоғам бүгін, 09.07.2030 09:55 Обновлять, 06.12.2025 12:46

Оқушылар мектепте намаз оқығын: министрлік тексеріс бастады

Әлеуметтік желіде оқушылардың мектепте намаз оқыған видеосы тараған еді. Оқу-ағарту министрлігі осы жайтқа қатысты тексерісті бастап кетті.

Фото: видеодан скриншот

Қазір тарап жатқан бейнежазбадан бір топ баланың сәждеге жығылып жатқанын байқауға болады. Олардың артқы жағында мектеп партасы көрінеді. Спорттық киім киген бозбалалардың қай өңірдің, қай мектептің шәкірттері екені әзірге белгісіз. Ал заң бойынша оқу орындарында бұлайша діни рәсім жасауға тыйым салынған.

Енді Оқу-ағарту министрлігі сабақ барысында құлшылық жасауға рұқсат берген білім ошағын анықтап, шара қолданбақ.