Прямая трансляция

Астана

Астана

16°C

«Қазақша есімім – Рауан»: желіде қазақ тілінде емін-еркін сөйлейтін американдықтың видеосы тарады

Әлеуметтік желіде қазақ тілінде сұхбаттасып жүрген нигериялық пен американдық азаматтың видеосы тарады, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агентті Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 

Фото: видеодан скриншот

Өзін Абдулкарим деп таныстырған азамат сауда орталығында қазақша сөйлейтін американдықты көріп қалып, сөзге тартады. Американдық азаматтың айтуынша, ол 20 жылдай уақыт Алматы қаласында тұрғандықтан, қазақ тілін үйреніп алған. Ол өзін қазақша Рауан деп таныстырады, ал шын есімі – Рональд екен.

Тіпті, олар бір-бірінен ру сұрасады. Видео авторы Абдулкарим өз руының қоңырат екенін айтады.

Желіде жарияланған видеожазбаға автор: «Қазақ тілінде сөйлейтін американдықпен танысыңыз, бұл мені соншалықты бақытты етеді және одан да көп махаббат тудырады», - деп жазады.