Бұл туралы Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев онлайн брифинг барысында айттыдеп хабарлайды BAQ.KZ.
Басқарма басшысы қаланы жарықтандыру жұмыстары жалғасып жатқанын және биыл қай ауданға басымдық беріп отырғандарын атап өтті.
Негізінен Алатау, Наурызбай, Жетісу және Түркісіб аудандарындағы көшелерді жарықтандырамыз. Жыл соңына дейін осы аудандар толықтай жарықтандырылады. Мердігерлер қазір жұмыс жүргізіп жатыр. Осы уақытқа дейін 80 шақырымды аумаққа желі тартып үлгердік. Жарықтандыруға арналған 7 мың кранштейн орнаттық. Қыркүйек айының соңына қарай шамдарды іле бастаймыз, - деді ол.
Сонымен қатар, ол Медеу, Бостандық, Алмалы және Әуезов аудандарына қарасты қалған 600 көшені келесі жылы аяқтайтындарын мәлімдеді.
Өткен жылы әкімнің тапсырмасымен 329 көшені жарықтандырдық. Оған қоса бұрыннан тұрған ескі шамдарды LED шамдарға ауыстыру жұмыстары қатар жүргізіліп жатыр, - деді басқарма басшысы.
Айта кетсек, бұған дейін Әсет Масабаев қалаға жаңадан қосылған аудандарды сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету жұмысы жүріп жатқанын мәлімдеген еді.