Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Нұртас Адамбай сот орындаушылары үйінен шығарып жатқан адамды қолдай келді

Танымал актер және продюсер Нұртас Адамбай сот орындаушылары үйінен шығарып жатқан адамды қолдап, оқиға орнына келді, деп жазады Рaryz.kz  exk.kz сілтеме жасап.

Нұртас Адамбай сот орындаушылары үйінен шығарып жатқан адамды қолдай келді
© ЭК

"Мен жұрттың назарын аударып, әлеуметтік желіде жариялау үшін үйінен шығарып жатқан адамдарды қолдап келдім. Елімізде тек ақшасы, байланысы бар адамдарға ғана емес, әрбір адамды естігенін қалаймын. Осындай жағдай болып жатқанда әрбір адамның құқы қорғалып, ол жайлы қоғамның білгені дұрыс. Бәрі заң аясында болуы тиіс. Егер үй заңсыз сатылған болса, онда баспана иесінің қатысуынсыз оны неге өткізген?" — дейді актер.

© ЭК

© ЭК

Нұртас Адамбай үй иесі туысы емес екенін, тек екеуі бір мешітке баратынын айтты.

© ЭК

© ЭК

Ал үй иесі болса, жалғыз баспанасынан заңсыз шығарып жатқанын, соған қарсылық ретінде көлігін, үйін, өзін өртейтінін алға тартады.

Менің басқа баспанам жоқ. Болмашы 17 миллион теңге үшін 800 мың доллар тұратын үйімді тартып алмақшы. Мен соңына дейін барамын,

— дейді үй иесі.

Сот орындаушылары болса, үйдің екі жыл бұрын сатылғанын, осы аралықта баспана иелерімен келіссөз нәтиже бермегенін айтып отыр. Үйді сатып алушы да бәрі заң аясында болғанын айтты.