Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

"Менин елим...": Қостанайда лед-экранға Әнұранды бұрмалап шығарған

Қостанай қаласындағы "Kostanay plaza" сауда-ойын-сауық орталығының сыртындағы лед-экранға Қазақстанның Әнұраны екі тілдегі мәтінімен шығарылған. Алайда мемлекеттік тілдегі сөзінде қазақша әріптердің біреуі де жоқ.

Куәгерлер осы көріністі видеоға түсіріп алып, әлеуметтік желілерде таратқан, деп хабарлайды Paryz.kzЭкспресс К-ға сілтеме жасап.

"Менин елим...": Қостанайда лед-экранға Әнұранды бұрмалап шығарған

Instagram-дағы Kostanay_news_10 тобына салынған видеодан шырқалып тұрған әнұранның мемлекеттік және ресми тілдегі мәтіні экранға шықанын, ондағы қазақша жазбаның сауатсыз жазылғанын көруге болады. Осы бейнежазбаның астына желі тұтынушылары наразылық білдіріп, пікірлер қалдырған.

"Өкінішті, Қазақстанда тұрып, осындай жағдайлар қайталанып тұрады", "Қазақтілді қазақтардың 80-90 пайызы орыс әріптерімен КАЗАКША жазып, өзінің тіліне титтей құрметі болмай жүргенде, өзгеден не сұрайсың?" "Ұялы телефонмен терілген болып тұр ғой",

— деп жазды олар.

Осы жағдайға қатысты қалалық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Әсем Есжанова түсініктеме берді. Оның айтуынша, оқиға 2 маусым күні болған.

"Сауда үйінің басшылығы мұны Рәміздер күні қарсаңында өздері қосқан. Соны көрген тұрғындар видеоға түсіріп алған. Таныстарым бейнежазбаны маған да сол сәтінде жіберді. Бірден басшысына хабарласып, мұның заңға қайшы екенін түсіндіріп, алдырып тастадық. Оның орнына өзіміз дайындаған видеоролигімізді ұсындық. Жалпы, бұл 1-2 сағат ішінде болған жағдай", — дейді Әсем Есжанова.

Сауда үйі басшысына ескерту жасалған. Екінші рет қайталанса, заң жүзінде шара қолданылатыны қаперге алынды.