Саясаттанушы Нұртаза Самат өзінің facebook парақшасында Тимур Сулейменовтың Украинаға қатысты жазбасына пікір білдірді деп хабарлайды Paryz.kz, Alashainasy.kz-ке сілтеме жасап.
Кезінде Тимур Сулейменов: “Мәскеуде 5 жыл тұрып, қазақшаны ұмытып қалдым” дегенде бүкіл қоғам болып жабылдық.
Енді міне: “Ресеймен бірге болмаймыз, Украинаның тұтастығын қолдаймыз” деп еді, Тимур Сулейменов ұлт қаһарманына айналды.
Біздің қоғамда ҰЛЫ болуға да, УЛЫ болуға да 5 секунд екен ғой. Бір сәтте социумның пікірі өзгере кетеді. I Love My People, - деп жазды Нұртаза Самат.