Прямая трансляция

Астана

Астана

23°C

"О дүниенің бар екенін көрсетемін саған": Бағдагүл емші Динара Сәтжанды аямайтынын айтты

Бағдагүл сынықшы тележүргізуші Динара Сәтжанды әбден сынап, видео жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz Ozgeris.info сайтына сілтеме жасап.

"О дүниенің бар екенін көрсетемін саған": Бағдагүл емші Динара Сәтжанды аямайтынын айтты
Фото: әлеуметтік желіден

Кадрдан емшінің ашулы екенін байқауға болады.

"Мен саған көрсетемін. Айтып тұрған сөзін қара, менің кім екенімді білмей жүр екенсің. Өздеріңнің тілдеріңде деловая колбаскасың ғой сен. Мені ауруға теңейтін сен кімсің? Осы сөзіме жауап беремін, соңына дейін барамын. Ақ пен қараның айқасын көрсетейін саған. Көп тілімді қышытпа. Қазақ қыздарының намысын қорғауды керек болса, өз қолыма алатын боламын. Саған ешкімді жем қылмаймын. Сендердің сөздеріңді сөйлеп жатқан өздерің сияқты жеңіл жүрісті әйелдер. Намысы жоқ! Көрсетейін мен сендерге. Мен тиіссем, Қазақстанды бұзатын адамдарға тиісемін. Сендер сияқты тойынған қатын емеспін. Намысым өз орнында. Айтатынымды айттым. Мені ауруға теңегенің үшін жауап бересің, Динара Сәтжан! Мен енді сені аямаймын. Екі дүниенің бар екенін көрсетемін. Шайтандар, жын-ойнақтар жүрген. Жатқан жыланның құйрығын баспа", - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Бағдагүл сынықшы Баян Алагөзова мен Динара Сәтжан туралы пікір білдірген еді.