Прямая трансляция

Астана

Астана

24°C

«Қызы үшін бәрін сатты»: Меруерт Өтекешованың қазіргі жағдайы жұртты алаңдатты

Қоғам белсендісі Жолымбек Мәкіш әлеуметтік желіде қазақтың танымал актрисасы Меруерт Өтекешова туралы жазба жариялап, көпшіліктің қызу талқысына себеп болды, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Қызы үшін бәрін сатты»: Меруерт Өтекешованың қазіргі жағдайы жұртты алаңдатты
Фото: видиодан скриншот

Оның сөзінше, Қазақстанның халық әртісі қызының денсаулығы үшін бар дүние-мүлкін сатуға мәжбүр болған. Қазір актриса Астанада жалдамалы пәтерде тұрып жатыр.

«Меруерт Өтекешова қызын емдету үшін үйін сатып, бүгінде елордада пәтер жалдап күн кешіп отыр», – деп жазды белсенді.

Сондай-ақ ол актрисаның өмір жолында кездескен ауыр сынақтарға тоқталып, оның төзімділігіне таңданысын білдірді. Белсендінің айтуынша, өнер иесі жарынан да, ұлынан да айырылып, бүгінде қызының дертімен күресіп келеді.

«75 жасында баспанасын сатып, жалдамалы пәтерде тұру – халық әртісіне лайық па? Соған қарамастан, ол әлі күнге дейін еңбек етіп, бар ауыртпалықты үнсіз көтеріп жүр. Мерейтойында гүл құшақтап тұрып, кейін қайтадан жалдамалы пәтеріне оралу – оңай емес», – деді Жолымбек Мәкіш.