Прямая трансляция

Астана

Астана

22°C

«Баянның камзолды кигеніне көңілі толмады»: Меруерт Өтекешова күтпеген мәлімдеме жасады

Меруерт Өтекешева тележүргізуші Майя Бекбаева YouTube-арнасына берген сұхбатында «Қыз Жібек» фильміндегі камзолға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Баянның камзолды кигеніне көңілі толмады»: Меруерт Өтекешова күтпеген мәлімдеме жасады
Фото: видиодан скриншот

Актрисаның айтуынша, қайта құру жылдары көптеген костюм жоғалып кеткен. Ал «Қыз Жібек» фильміндегі камзолды ол картина экранға шыққаннан кейін алғаш рет Баян Алагөзова үстінен көрген.

«Көпшіліктің оның бұл камзолды киіп көргеніне көңілі толмағанын білемін. Бірақ шығармашылық адамдары сезімтал болады. Ол: "Ой, қандай тамаша!", — деп ойлады. Жібек камзолы әрі мүсініне де шақ келді. Бұл жай ғана оның ішкі тебіренісі болатын... Баян Алагөзова оны, әрине, сақтайды және ол міндетті түрде мұражайда тұрады. Өз мұражайында, болмаса Ұлттық мұражайға бере ме — ол жағын өзі шешеді, кешіріңіздер. Тіпті, бұл камзолды мен сыйлаған-мыс деген сөздер де шықты. Шын мәнінде, ол өте жақсы сақталған», — деді актриса.

Меруерт Өтекешева аталған камзолды халықтық мұра ретінде бағалап, оның болашақта музей қорында сақталатынына сенім білдірді.