Прямая трансляция

Астана

Астана

23°C

«Есеппен үйленді»: «Дикий Арманның» бірінші әйелі ол туралы бар шындықты жайып салды

Өзін «Арманның бірінші әйелімін» деп таныстырған Зәуреш Жұман есімді келіншек «Дикий Арманға» қатысты бар шындықты жайып салды, деп хабарлайды Paryz.kz Politico.kz-ке сілтеме жасап. 

«Есеппен үйленді»: «Дикий Арманның» бірінші әйелі ол туралы бар шындықты жайып салды
Фото: видиодан скриншот

Зәуреш Жұманның сөзінше, «Дикий Арман» лақап атымен танылған Арман Жұмагелдиев алғашқы некесін дәл өзімен қиған.

Оның айтуынша, өзі Арманның бірінші жары болған, одан кейін Айша, кейінірек Айкөлмен отбасын құрған. 

«Екінші курста оқып жүргенімде, Арман мені алып қашты.  Тойымыз салтымызға сай өтті. Беташар жасалып, неке қиылып, салт-жоралғылар толық орындалған. Сол кезде кейбір шымкенттіктер: «Арман ақымақ емес, бұл әйелді есеппен алды. Ол – дәулетті кәсіпкердің қызы деп әңгіме де айтқан», - дейді келіншек.

Алайда Зәуреш Жұман Арман екеуі шынайы махаббатпен үйленгенін айтты.

«Екеуіміз бір шаңырақ астында шамамен екі жыл бірге өмір сүрдік. Кейін белгілі бір жағдайларға байланысты Арман елден кетуге мәжбүр болып, жолымыз екіге айырылды.  Алайда кейін ол елден қашуға мәжбүр болды да, екеуіміздің жолымыз екіге айырылды. Уақыт өте келе екінші рет тұрмыс құрып, ана атандым. Бір күні Арман екеуіміз күтпеген жерден кездесіп қалдық. Сол сәтте бұрынғы сезімдері қайта оянып, Арман бірге кетуді ұсынды. Ол тіпті: «Қаласаң, сені балаңмен бірге алып кетемін, ешкім бөгет бола алмайды» деді. Біздің қарым-қатынас ешқандай есепке емес, тек шынайы махаббатқа құрылды», - дейді Зәуреш Жұман.