Прямая трансляция

Астана

Астана

3°C

Көкшетауда әйел адам қаза тапқан апатқа қатысты жаңа дерек шықты

Көкшетауда әйелдің қазасына әкелген жол-көлік оқиғасына байланысты екі қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Көкшетауда әйел адам қаза тапқан апатқа қатысты жаңа дерек шықты
Фото: видиодан скриншот

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, көлікті басқарған әйелдің жүргізуші куәлігі болмаған және арнайы оқудан өтпеген.

«Жүргізушіге қатысты адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады ведомство. 

Сонымен қатар көлік иесі – күдіктінің жұбайына қатысты да қылмыстық іс қозғалған. Ол көлікті жүргізуге құқығы жоқ адамға басқаруға бергені үшін жауапқа тартылып отыр.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде. Бүгін, 11 мамырда Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.