Прямая трансляция

Астана

Астана

15°C

Balapan телеарнасы зорлық көргенін айтқан актердің мәлімдемесіне қатысты түсініктеме берді

«Балапан» телеарнасы әлеуметтік желіде актер Нұрғали Нұрманның мәлімдемесіне байланысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды

Balapan телеарнасы зорлық көргенін айтқан актердің мәлімдемесіне қатысты түсініктеме берді
Фото: әлеуметтік желіден

Арна мәліметінше, 2010 жылғы 27 қыркүйекте ашылған “Balapan” телеарнасының штатында аталған азамат “продюсер” қызметін атқармаған.

Сондай-ақ кейінірек желі қолданушысы өз сөзінде айтылған оқиғалардың “Balapan” телеарнасына емес, коммерциялық жобаға қатысты болғанын нақтылап, жаңа бейнежазба жариялаған. Ол арна ұжымынан кешірім сұраған.

Еске салайық, бұған дейін актер Нұрғали Нұрман бірнеше жыл бұрын “Балапан” телеарнасында жұмыс істеп жүрген кезінде продюсер тарапынан зорлық көргенін мәлімдеген еді. Бұл оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланып, кейбір қазақстандықтар ұлттық арнаға бойкот жариялауға шақырған болатын.