Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Қазақстанның бірқатар өңірінде бүгін, 9 қазанда жаңбыр, қар, тұман және қатты жел күтіледі. Кей облыстарда жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады
Фото: depositphoto

Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын болады. Облыстың солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді.

Жетісу облысында күндіз жел 23-28 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Абай облысында да оңтүстік-батыс және батыс желінің екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді.

Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында желдің екпіні 23-28 м/с болады деп болжанып отыр. Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с-қа дейін жетеді. Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарының бірқатар аумағында түнде және таңертең тұман түседі. 

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Өрт қаупі де жоғары деңгейде сақталады. Ақтөбе облысының шығысында, Атырау облысының басым бөлігінде және Қызылорда облысында жоғары немесе төтенше өрт қаупі бар.

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі 9-11 қазан аралығында сақталады. Маңғыстау облысының орталығында жоғары өрт қаупі болжанса, Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында өрт қаупі жоғары болады.